Руханият • 12 Желтоқсан, 2025

Алматыда «RasInfo» мобильді ресурсы таныстырылды

50 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
Алматыда «RasInfo» мобильді ресурсы таныстырылды

Орталық Азия өңірінен жиналған семинар қатысушылары «Әлемдік қауымдастық жасанды интеллектке қалай жауап беріп жатыр? Қолданыстағы заңнаманы қалай өзгерту қажет? ЖИ адамзаттың игілігі үшін қалай жұмыс істейді?» деген сұрақтарға жауап бере отырып, жасанды интеллектке қатысты өзекті мәселелерді талқылады.

БҰҰ-ның Қазақстандағы Ақпараттық бюросының басшысы – БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің Қазақстандағы Өкілі Властимил Самек атап өткендей, семинар жыл сайын бүкіл әлемде 10 желтоқсанда атап өтілетін Адам құқықтары күніне орайластырылған. Бұл күн әлемдегі ең маңызды жаһандық міндеттемелердің бірі – Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының қабылданған күніне орайластырылған.

Ғылыми жиынды Абай атындағы ҚазҰПУ университеті Зерттеу қызметі және инновация жөніндегі проректоры Ертай Сұлтан ашып, жасанды интеллект дәуіріндегі білім беру мен  өнер, шығармашылық саласында  универсиеттердің академиялық рөлі мен инновациялық ізденістері туралы баяндама жасады. 

– Бүгін біз ғылыми нәтижелі жетістіктің жария болуына куә болып отырмыз. Бұл жасанды интеллект және цифрлық сауат бағытындағы Ғылым және жоғары білім министрлігі қаржыландырған үлкен жоба. Зерттеу жұмысы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қабырғасында басталып, білім мен ғылымның қарашаңырағы Абай атындағы ҚазҰПУ-да аяқталып жатыр. Бұл екі университеттің ортақ жетістігі. Бір оқу орнында теориялық тұрғыдан зерделеніп, екінші университетте тәжірибелер жүзеге асып, «RasInfo» ресурсы дайындалды. Бұдан кейін де осындай екі жақты бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізіліп, жаңа жобалар жүзеге асады деп сенемін, – деді Ертай Сұлтан.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ басқарма мүшесі – Ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректоры Марғұлан Ибраимов ҚазҰУ-дың инновациялық экожүйесінің негізі ретіндегі пәнаралық зерттеулер мен ЖИ-технологияларын жан-жақты талқылады.

Қазақстандағы БҰҰ Ақпараттық бюросы Басшысы  – Қазақстандағы БҰҰ жаһандық коммуникация департаментінің өкілі Властимил Самек Орталық Азияда цифрлық сауат нығайту және дезинформациямен күресу үшін жасанды интеллект  технологияларын қолданудың практикасы туралы сөз сөйледі.

ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Аймақтық офисінің коммуникация және ақпарат жөніндегі Ұлттық бағдарлама қызметкері Маджер Масанов «Журналистерге арналған Медиа және ақпараттық сауат тақырыбындағы ЮНЕСКО материалдары» туралы баяндамасында ЮНЕСКО Медиа және ақпараттық сауат және цифрлық құзыреттерді барлығы үшін дамытуды қолдайды. Мақсаты адамдардың ақпаратқа сыни көзқараспен қарауына, онлайн ортада қауіпсіз және жауапкершілікпен әрекет етуіне және біздің ақпараттық экожүйемізге, цифрлық технологияларға деген сенімділікті қамтамасыз етуіне мүмкіндік беру.

ЕҚЫҰ БАҚ бостандығы мәселелері жөніндегі кеңесшісі, «Салауатты онлайн-ақпарат кеңістігі және жасанды интеллект» жобасының менеджері Джулия Хаас таяуда ЕҚЫҰ «Ірі технологиялық платформалар және жасанды интеллект дәуіріндегі БАҚ бостандығын қорғау» нұсаулығының авторы. Ол баяндамасында Үлкен Технологиялық платформалардың плюрализм мен демократия үшін жүйелі қауіп туғызуы мәселесіне баса назар аударды.

Жобаның жетекші ғылыми қызметкері Людвиг-Максимилиан Мюнхен университетінің Медиа және коммуникация кафедрасының меңгерушісі, коммуникация профессоры Томас Хайницш «Орталық Азиядағы журналистік мәдениеттер» тақырыбында Қазақстан, Өзбекстан елдері бойынша зерттеу нәтижелерін таныстырды.  Неміс ғалымының айтуынша, Worlds of Journalism Study зерттеуінің деректері негізінде ол медианың көрінісі, өміршеңдігі және қауіпсіздігі өзара тығыз байланысты екендігін атап өтті. Мемлекеттер бұқаралық ақпарат құралдарының бостандығын құрметтеуге, қорғауға және орындауға, сондай-ақ белсенді саяси шаралар арқылы қолдауы тиіс. Бұл деректер Орталық Азиядағы журналистік ландшафттың жаһандық үрдістермен салыстырғандағы ерекшеліктерін, әсіресе қауіпсіздік мәселелерінің өзектілігін көрсетеді.

Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық факультеті Гуманитарлық ғылымдар кафедрасының профессоры Гүлмира Сұлтанбаева фактчекинг пен медиасауат креативті құралы ретіндегі «RasInfo» мобильді ресурсын таныстырды. – «AI-Derek – бұл фактчекингке негізделген және осындай технологияларды қолдану тәжірибесін сипаттайтын фейктермен күрес құралы. AI-Derek RasInfo мобильді ресурсымен интеграцияланған және пайдаланушылардың фактчекинг саласындағы сұрақтарына жауап береді», – дейді жоба жетшісі. Профессор Клара Қабылғазина ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде фактчекингті оқытудың авторлық әдістемесінің тәжірибесі мен болашағын қорытындылады. «Ала-Тоо» Халықаралық университетінің Әлеуметтік ғылымдар факультетінің «Жарнама және қоғаммен байланыс» кафедрасының меңгерушісі Айнұра Қабатай қызы «Жалған контенттің просодиялық маркерлері: манипуляциялық және жалған хабарламаларды анықтау үшін аудиоталдау мүмкіндіктері» атты қызықты әрі пайдалы баяндама жасады.

Семинарда «Цифрлық сауат көрсеткіштері: Қазақстандағы ақпараттық мәдениетті дамыту жүйесі» және «Қазақстандағы жалған ақпарат пен дезинформация индикаторлары» атты кітаптар таныстырылды. Ғылыми еңбектерде Қазақстандағы ақпараттың жүйелі және гибридті сипаты талданған. Оқыту модульдерін, сондай-ақ көптеген мысалдарды қамтыған  ғылыми еңбектерде 79  кейс, сызбалар, графиктер мен диаграммалар теориялық ережелер бар. 400-ден астам терминнен тұратын «Цифрлық сауат» тақырыбындағы ауқымды глоссарий ұсынылған. Қазақ, орыс, ағылшын тілінде жарық көрген бұл ұжымдық монографиялар мен әдістемелік нұсқаулықтар дезинформация тақырыбын  зерттеушілерге, медиа және ақпараттық сауатты арттырушыларға арналған.

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Кеше

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Кеше

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Кеше

Қазақстанда мал ауруы 51%-ға төмендеді

Шаруашылық • 12 Желтоқсан, 2025